Қостанайда робот-полицей аутизмге шалдыққан балаларға жол ережесін үйретеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанайда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды. 

Қостанай
Фото: видеодан алынған скрин

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, аталған орталықта жыл сайын 200-ден астам баланы қабылдау жоспарланып отыр. 

Робот-полицей жеткіншектерге жол қауіпсіздігі дағдыларын үйретеді. 

Бұл мекеме балаларға әлеуметтенуге, өздерінің ерекше қабілеттері мен таланттарын дамытуға, білікті көмек алуға мүмкіндік береді.