Қостанайда жеке тұрғын үй салуға арналған учаскелерді кімдер кезекпен ала алады

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанайда жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) арналған жер учаскелерін бөлу басталды. Қазіргі уақытта учаскелер кезегінде 43 мыңнан астам адам тұр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

жер
Фото: Pexels

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылғы қарашада «Қонай» аумағында 1 792 жер учаскесін бөлу рәсімі іске қосылған. Оның ішінде 1 668 учаске бос, ал 124 учаскеде бір және екі қабатты үйлер салынған. Барлық нысан инженерлік коммуникациялармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Әр учаскенің ауданы – 0,08 гектар (8 сотық).

Кезекте тұрған азаматтардың мүмкіндігін кеңейту үшін жаңартылған тізімге сәйкес 43 287-нөмірге дейінгі кезектегілерге қатысуға рұқсат берілді.

Үйлерді сатып алу қолма-қол төлем арқылы немесе екінші деңгейлі банктердің тұрғын үйді несиелеу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Нысандарды бөлу кезек нөміріне сәйкес жүргізіледі.

Толық шарттармен сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, Қостанай облысында ормандағы ағашты заңсыз кескендер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар