17:11, 11 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Қостанайда жылу құбыры жарылды
Әлеуметтік желілерде Қостанайдағы ықшамауданда жылу құбыры жарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы жергілікті тұрғындар мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиғаны «Қостанай жылу-энергетика компаниясы» МҚК растады.
— Шипин көшесіндегі 158-үй маңында жылу құбыры жарылды. Жөндеу бригадасы жолға шықты. Әзірге үйлерді жылумен қамтамасыз ету үзілген жоқ, — деді Қостанай жылу-энергетика компаниясы.
Сауал жолданған сәтте апатты жою жұмыстары әлі басталмаған болатын.
Жергілікті тұрғындарың бірінің үйінде еден астынан ыстық су атқылаған.
ҚЖЭК қажет болған жағдайда су сорылатынын айтты.