Қостанайдағы өрт: қазақстандықтар жаппай қолдау көрсете алатын қор ашылуы мүмкін

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай жұртшылығына еліміздің барлық азаматтары қолдау көрсете алатын қор ашу жоспарланып отыр. ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі осылай деп мәлім етті.

«Бүгінгі таңдағы ақпарат бойынша, өрттен 108 ғимарат зардап шекті. Оның ішінде 98 үй толығымен өртенді. Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес те көрсетілетін көмектен шет қалмайды. Зардап шеккендерге барлық жағынан қолдау жасалады. Жақын күндері Қостанай жұртшылығы қазақстандықтар жаппай қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр», - деп мәлім етті жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге жаңа үй немесе өтемақы берілетінін хабарлап едік.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің несиелері жабылып, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қолдау көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар