Қостанайлық оқушы әлеуметтік желіде туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай қаласының 14 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде #Qazalemi хэштегімен ұйымдастырылған байқауға қатысты. Айналасындағы сұлулықтан шабыттанған Тамерлан Сүлейменов байқауға Қостанай облысы да қатысуы керек деп шешті.

Тамерлан Сулейменов
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

— Бұл тақырып маған өте жақын болғандықтан #Qazalemi байқауына қатысуды жөн көрдім. Біріншіден, мен өз Отанымның патриотымын — мен Қостанайды және жалпы елімді жақсы көремін. Ал, екіншіден, челлендж қатысушылары өз туған жерлерінің сұлулығын жариялайды, неге Қостанай өңірінің де сұлулығын көретпеске. Мен бұл байқауға қатысуды құрмет деп санаймын, — деді ол.

Видеороликте жеткіншек Қостанай және облыстың басты су артериясы — ірі қалаларды байланыстыратын, өңірдің табиғи байлықтарының бірі саналатын Тобыл өзені туралы әңгімелейді.

— Қостанай жай ғана қала емес. Бұл менің үйім, жерім, туған жерім. Оны білген сайын оған сүйсінемін. Бұл жерде әңгіме сыртқы сұлулық туралы емес, жалпы қаланың ішкі әсем әлемі туралы екенін атап өткім келеді — бұл жерде тұратын адамдар, мәдениет, тарих және табиғат. Шексіз даласы, жан сарайыңды ашатын саф ауасы, қарағайлы орманы бәрі үйлесім тапқан. Мені бәрінен де Тобыл өзені тәнті етеді. Бұл да қаламыздың тағы бір «байлығы» деп ойлаймын. Ол үлкен күшке ие. Ол адамға тыныштық пен абсолютті бақыт сезімін бере алады, — дейді Тамерлан.

Ол видеороликке креативті түсу үшін ұлттық киім киген. Видеоға қысқы Тобыл фонында түсті.

— Мұндай жарыстарды өткізу бізге, қазіргі жастарға пайдалы. Бұл біздің ұрпақ өкілдеріне гаджеттерден аздап үзіліс жасап, жан-жағына қарап, айналада көптеген тамаша жерлер бар екенін байқауға түрткі болды, — деп қорытындылады акцияға қатысушы.

Тамерлан Сулейменов
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

 

Айта кетейік, танымал актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай байқау ұйымдастырған болатын. Қатысушылар өз аймағындағы қысқы көрікті жерлерді, сондай-ақ #Qazalemi хэштегімен ерекше және әдемі жерлерді фотосуреттер мен бейнематериалдарға орналастыруға міндетті. Ең креативті жұмыстардың авторларына сыйлықтар — жаңа смартфондар мен шипажайға жолдама беріледі. Байқау қорытындысы 27 желтоқсанда жарияланады.

Осыған дейін туған жерінің сұлулығын видео арқылы көрсеткен Түркістан облысының ауыл тұрғыны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, байқауға қатысқан Кентау тұрғыны қаланың қысқы көрінісі бейнеленген суреттер жариялағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар