Қосымша мұнай жеткізу жолдары пысықталып жатыр - Болат Ақшолақов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қосымша мұнай жеткізу жолдарын пысықтап жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Мәжілісте тілшілер министрден Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмаса Энергетика министрлігі қандай жұмыстарды атқаратынын сұрады.

«Қосымша мұнай жеткізу жолдарын анықтап жатырмыз. 16,5 млн тоннаға жеткілікті жолдар бар. Ал Каспий құбыр консорциумының өзі толық жабылатын болса, 54 млн тоннаны орналастыру қиын мәселе екені түсінікті. Осы көлемді орналастыруға біраз уақыт керек. Дегенмен оның ішінде 16,5 млн тоннаны балама бағыттар арқылы жібере аламыз. Теміржолмен, Ақтау порты арқылы және «Атырау-Самара» құбыры, сондай-ақ Қытай бағытына да өткізе аламыз», - деді Б. Ақшолақов.

Айта кетейік, Энергетика министрі Каспий құбыр консорциумы бойынша жөндеу жұмыстары әзірге басталмағанын айтты.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді.

Бұл Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқаруына алып келуі мүмкін екені айтылды. Кейін ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады.


Соңғы жаңалықтар