Қоянды мен Қосшыда мектептер салынып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова елорда мен қала маңындағы мектеп құрылысы жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоянды мен Қосшыда мектептер салынып жатыр

«Нұр-Сұлтан қаласына қатысты маңызды мәселе мектепке қатысты болып отыр. Сондықтан Үкімет бірінші кезекте үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешуде. Мұнымен қоса, мектеп тапшылығы проблемасына да екрекше назар аударылуда», - деді министр елордадағы көпбалалы аналармен кездесу барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2019-2021 жылдары еліміз бойынша 190 мектеп пайдалануға беріледі.

«Оның ішінде 19 мектеп Нұр-Сұлтанда салынады. Соның арасында биыл 14 мектеп пайдалануға берілсе, қалғаны алдағы жылы тапсырылады», - деді ведомство басшысы.

Мұнымен қоса, елорда маңындағы Қоянды, Қосшы және Қажымұқан ауылдарында үш мектептің құрылысы жүргізілуде.

«Бұдан бөлек, 2020-2021 жылдары қаланың шеткері аймақтарындағы құрылысқа қосымша қолдау жасалды», - деді министр.
null

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін еорда әкімдігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесті.

Сонымен қатар, шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.