ҚПЛ-2024: «Астана» екінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында елордалық «Астана» «Жетісудан» басым түсіп, қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

ҚПЛ
Фото: kazfootball.kz

Кездесу барысында елордалық команда тізгінді өз қолына алуға тырысты. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ. Екінші кезеңде есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді. Десе де кездесу тағдырын шешкен екі гол ойын соңына таман соғылды.

Ойынның 87-минутта «Астана» сапынан Ян Вороговский есеп ашса, 92-минутта Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Енді «Астана» 31 тамызда «Елімаймен» кездессе, 30 наурызда «Атыраумен» ойнайды. Екінші турда 6 наурыз күні «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) мен «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шығады.

Ал, 7 наурыз күні «Жеңіс» (Астана) пен «Шахтер» (Қарағанды), «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар