ҚПЛ-2024: «Қайрат» ел біріншілігін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігін алматылық «Қайрат» жеңіспен бастады. 

Футбол
Фото: pexels.com

Бүгін, 2 наурызда алматылық «Қайрат» пен Петропавлдың «Қызылжар» командалары кездесті.

Былтыр төртінші және бесінші орын алған командалар биыл сол жетістігін жақсартуға күш салады. Сондықтан жанкүйерлер бүгінгі кездесуден тарысты ойын күтті.

Ойын барысында алматылық клуб алғашқы минуттан гол соғу мүмкіндігін арттыра түсті. Нәтижесінде 41-минутта Жоао Паоло мергендігімен көзге түсті.

Ал «Қызылжар» футболшысы Тимур Мульдинов 62-минутта таразы басын теңестірсе, алматылық клубтан Гиорги Зариа 71-минутта қайтадан «Қайрат» алға шығарды.

Кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Дәл қазір тағы бір кездесудің нәтижесі белгілі болды. Петропавл қаласында Семейдің «Елімай» клубы «Атырау» клубын қабылдады. Өз алаңының дайын болмауына байланысты семейлік клуб кездесуді Петропавлда өткізуге мәжбүр.

Кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ, 1 наурызда «Астана» «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» «Ақтөбеге» 1:3 есебімен жол берді.

Енді бүгін «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) мен «Тұран» (Түркістан) шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар