ҚПЛ: «Ақтөбе» командасы «Елімайдан» ірі есеппен жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында «Ақтөбе» командасы Семейдің «Елімайынан» жеңіліп қалды. 

ҚПЛ: «Ақтөбе» командасы «Елімайдан» ірі есеппен жеңілді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Екі команда биыл жүлдеге қол жеткізуі мүмкін клубтар қатарына енді. Сондықтан жанкүйерлер тарапынан бұл кездесуге ерекше қызығушылық болғаны рас. 

Ойын барысында ақтөбелік клубтан Артур Шушеначев 17-минутта есеп ашқан еді. Оған семейлік клуб үш шолмен жауап берді. Алдымен Фессу Плакка 59-минутта пенальтиді мүлтіксіз орындаса, одан кейін Роман Мұртазаев 77, 92, Айбар Жақсылықов 85-минутта мергендігімен көзге түсті. Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Бұл жеңістен кейін «Елімай» 5 ұпаймен бесінші орынға көтерілсе, «Ақтөбе» 2 ұпаймен 10-орынға төмендеді.

Енді төртінші турда өз алаңында «Елімай» 4 сәуірде қостанайлық «Тобылмен» ойнаса, «Ақтөбе» 5 сәуірде сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытауымен» шеберлік байқасады.

Үшінші турда көкшетаулық «Оқжетпес» Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1, елордалық «Астана» Қостанайдың «Тобылын» 2:0 есебімен қапы қалдырса, шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді, ал «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы), «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 0:0, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебімен тең ойнады.

Соңғы жаңалықтар