ҚПЛ: «Ақтөбе» мен «Тобыл» тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХVII туры мәресіне жетті.

«Ақтөбе» мен «Тобыл» тең нәтижеге қанағат білдірді
Фото: ҚФФ

Бұл турдағы басты кездесудің бірі «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай) арасында өтті.

Турнир кестесінде қатарлас келе жатқан қос ұжым жылма-жыл тартысты ойын өткізеді. Десе де соңғы жылдарда қостанайлық клуб қатарынан бес мәрте жеңіске жетті. Жанкүйерлер көкейінде бүгін «Ақтөбе» сол кеткен есені қайтара ма деген үміт те болды.

Ойын барысында командалар бір-біріне жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан қақпа құлпы ашылған жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Тағы бір кездесуде талдықорғандық «Жетісу» Шымкенттің «Ордабасысын», «Жетісу» петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.

Ал 19 шілдеде семейлік «Елімай» елордалық «Жеңіске» 1:2 есебімен жеңілсе, «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебімен тең түсті. Тағы бір кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» Жезқазғанның «Ұлытауын» 1:0 есебімен жеңді.

Бұл турда 18 шілдеде өткен ойында «Астана» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» 7:0 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар