ҚПЛ: «Астана» қарсыласына есе жіберіп, «Ордабасы» үш ұпайға қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында «Астана» қарсыласына есе жіберсе, «Ордабасы» үш ұпайға қол жеткізді.
Елордалық клуб бүгін сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесті.
Биыл қарағандылық команда үш турда бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмай, көш соңында келе жатқан еді. Тіпті, қарсыластар қақпасына гол соға алмады. Есесіне төртінші турда бас жүлдеден негізгі үміткер саналатын «Астананы» сүріндіріп, өз жанкүйерлерін қуантты.
Кездесу тағдырын 26-минутта Рохер Каньяс соққан жалғыз гол шешті. Елордалық команда одан кейін есепті теңестіруге ұмтылған еді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
Тағы бір кездесуде «Ордабасы» сырт алаңда дәл осындай есеппен Түркістанның «Тұран» командасынан басым түсті. Оны Джасурбек Яхшибоев 25-минутта өзінің еншісіне жазды.
Сондай- ақ, бүгін «Ақтөбе» мен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, 6 сәуірде «Қайрат» пен «Жетісу» 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Қызылжар» «Жеңістен» 4:0, «Елімай» «Қайсардан» 1:0 есебімен басым түсті.