ҚПЛ: «Астана» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Астана» Қазақстан біріншілігінің кейінге қалдырылған 15-турында Қызылордада жергілікті «Қайсарды» жеңді. 

Астана ФК
Фото: fca.astana

Еурокубок ойындарына қатысуына байланысты елордалық команда бірқатар матчтарды кейінге шегерген еді. Соның салдарынан турнир кестесінде орта тұсына түсіп кетті. Ендігі кезекте әрбір ойында жеңіске жетуге күш салып келеді.

Бүгінгі кездесуде «Астана» бірқатар футболшыларға демалыс берді. Олардың қатарында команданың сұрмергені Марин Томасов та бар. Соған қарамастан астаналық ұжым алғашқы минуттан белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде Усман Камара 8-минутта гол соғып кетті.

Осылайше елордалық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетіп, алтыншы орынға көтерілді.

Енді «Астана» 22 қыркүйекте 21-турда сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубымен кездеседі. Бас жүлде тағдырын аталған ойында шешілуі мүмкін.

Ал, «Қайсар» Алматыда жергілікті «Қайратпен» шеберлік байқасады.

Еске салсақ, «Бавария» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты. 

Соңғы жаңалықтар