ҚПЛ: «Астана» «Оқжетпестің» осал тұсын таба ала ма

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІV-туры басталады.

ҚПЛ: «Астана» «Оқжетпестің» осал тұсын таба ала ма
Фото: Kffleague.kz

Бұл тур ойындары 27, 28 қыркүйек және 5 қазанға белгіленген. Алдымен 27 қыркүйекте үш кездесу болса, 28 қыркүйекте үш, 5 қазанда бір ойын өткізіледі.

Бүгін, 27 қыркүйекте сағат 15:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Атырау», 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Тұран» (Түркістан) ойнайды. Ал 19:00-де «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады.

Ал 28 қыркүйекте 15:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Астана», 17:00-де «Елімай» (Семей) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 5 қазанда 16:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Айта кетсек, қазір көш басында 52 ұпаймен «Қайрат» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Астананың» 50, «Тобылдың» 47 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 13 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 11 голмен келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар