ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде алтыншы тур ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы туры басталады.

Алтыншы тур екі күнге белгіленген. Бүгін төрт ойын өткізілсе, ертеңге үш кездесу белгіленген.
Аталған турдың шымылдығын бүгін, 26 сәуірде 15.00-дe көкшетаулық «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Жеңіс» (Астана) командалары ашады.
Осы күні 17.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Ал 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Ұлытау» (Жезқазған), «Астана» мен «Атырау» кездеседі.
Сондай-ақ 20 cәуірде 15.00-дe «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнаса, 16.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), 17.00-дe «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасады.
Қазір турнир кестесінде 14 ұпаймен «Қайрат» көш бастап тұр. Ал одан кейінгі орындардағы «Астана» мен «Тобылдың» 11 ұпайы бар.
Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салсақ, футболдан Бірінші лигада «Шахтер» командасы үшінші жеңісіне жетті.