ҚПЛ: Бүгін ел біріншілігінде үшінші тур ойындары өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші туры басталады.

Үшінші тур 29 және 30 наурыз күндеріне белгіленген. 29 наурызда екі ойын өткізілсе, 30 наурызға бес кездесу белгіленген.
Доп додасының шымылдығын бүгін, 29 наурызда 15.00-дe көкшетаулық «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ашады.
Осы күні 16.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) шеберлік байқасады.
Ал 30 наурызда 15.00-дe «Атырау» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шықса, «Астана» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуі сағат 18:00-ге белгіленген.
Сонлай-ақ 17:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл), 18:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.
Ойындарды «Qazsport» және «Sport Plus Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Францияғаесе жіберді.