ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы екінші турының алғашқы ойын күні өтті.
Бұл турда жанкүйерлер арасында «Қайрат» (Алматы) пен «Ақтөбе» кездесуіне ерекше қызығушылық болғаны рас. Ойын барысында алматылық клубтан 76-минутта Дастан Сәтпаев соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.
Екі турдан кейін ұпайдан шашау шығармаған алматылық клуб алты ұпаймен көш басына шықты.
Ойын нәтижелері
«Ұлытау» — «Қызылжар» 1:0
«Ертіс» — «Атырау» 1:1
«Елімай» — «Алтай» 1:1
«Тобыл» — «Жетісу» 2:2
«Қайсар» — «Астана» 0:0
«Жеңіс» — «Ордабасы» 0:2
Енді 17 наурызда сағат 17:00–де «Каспий» — «Оқжетпес» командалары кездеседі.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.