ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІ турындағы алғашқы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды
Фото: «Елімай» футбол клубы

Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімай» клубын қабылдаған еді. Кездесу алаң иелері үшін сәтті басталды. Ойынның 15, 37-минутында алматылық клуб сапынан Эдмилсон мергендік танытты. Одан кейін «Елімай» сапынан Иван Свиридов есеп айырмасын қысқартты.

Ал екінші кезеңде семейлік клубтан Фессу Плакка 72, 83-минутта қос гол соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Сондай-ақ «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Дәл қазір «Тұран» (Түркістан) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойыны басталды.

Сондай-ақ 17 тамызда 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» (Көкшетау), «Астана» мен «Ұлытау» (Жезқазған) ойнайды.

Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен жеке-дара көш бастап тұр. Назми Грипши («Астана») 9 голмен екінші орында, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерген. 

Соңғы жаңалықтар