ҚПЛ: «Ордабасы» қатарынан екі мәрте жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Шымкенттің «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасы командалары арасындағы ел біріншілігінің 24-турында елордалық «Жеңіс» командасына жол берді.
Биыл мамандар шымкенттік клубты чемпиондық атаққа қол жеткізеді деген жорамал жасаған еді. Алайда соңғы турларда сәтсіздікке ұшырап, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды.
Бүгінгі ойында олар қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Кездесу барысында елордалық команда Лукас Будинский 7-минутта есеп ашса, Адилио 29-минутта басымдықты арттырды.
Оған «Ордабасы» сапынан Всеволод Садовский 65-минутта бір голмен жауап қайырды.
Салдарынан шымкенттік клуб қатарынан екі мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Олар бұдан қостанайлық «Тобылға» 0:2 есебімен есе жіберген еді.
Сондай-ақ Семейдің «Елімай» командасы сырт алаңда «Атырауға» 0:1, «Жетісу» «Қайратқа» 1:2 есебімен жол берді.
Енді 27 қазанда «Шахтер» мен «Қызылжар», «Тұран» мен «Түркістан», «Астана» мен «Атырау» кездеседі.
Еске салсақ, «Семей» мен «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне жолдама алды.