ҚПЛ: «Ордабасы» үшінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІ туры мәресіне жетті.

ҚПЛ: «Ордабасы» үшінші ойын қатарынан жеңістің кілтін таба алар емес
Фото: Фото: «Тобыл» футбол клубы

Бұл турдағы негізгі кездесудің бірі «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) когмандалары арасында өтті. Кездесу барысында шымкенттік клуб қарсыласына 2:3 есебімен жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.

Ал «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау» 0:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» мен көкшетаулық «Оқжетпесті» 2:1, «Астана» мен жезқазғандық «Ұлытауды» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұған дейін 16 тамызда Түркістанның «Тұраны» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» 1:0 есебімен жеңсе, алматылық «Қайрат» өз алаңында Семейдің «Елімайына» 2:3 есебімен жол берді.

Ал «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жеңіс» (Астана) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.
Қазір турнирлік кестеде 43 ұпаймен «Астана» мен «Астана» көш бастап тұрса, одан кейінгі орындағы «Тобылдың» 41 ұпайы бар.

Сұрмергендер көшінде Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 10 голмен жеке-дара көш бастап келеді. Назми Грипши («Астана») 9 голмен екінші орында, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») 8 гол соғып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар