ҚПЛ: «Жеңіс» он ойыннан кейін жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турында алғашқы ойынның нәтижесі белгілі болды.

футбол
Фото: Мақсат Шағирбаев/ Kazinform

Турнир кестесінде көш соңында келе жатқан елордалық «Жеңіс» Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. 

Елордалық команда биыл Премьер-лигада орнын сақтап қалуға тырысады. Сондықтан олар үшін әрбір ойынның маңызы артып тұр. 

Ойын басынан елордалық команданың белсенділігі байқалып тұрды. Десе де жылдам гол соғып кете алған жоқ.

Ойынның 34-минутында Георгий Панцулая соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.

Осылайша «Жеңіс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Олар соңғы рет 20 сәуірде «Тұранды» жеңген еді. Нәтижесінде елордалық команда он ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты. 

Бүгін, 14 қыркүйекте «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Астана» мен «Қызылжар» (Петропавл) кездеседі.

Ал 15 қыркүйекте «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» (Қостанай, «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар