ҚПЛ: «Жетісу» мен «Қайсар» тең ойынға қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІІ-туры мәресіне жетті.

ҚПЛ: «Жетісу» мен «Қайсар» тең ойынға қанағат білдірді
Фото: «Жетісу» футбол клубы

Бұл турды «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі түйіндеді.

Командалар турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу мәселесін әлі шешкен жоқ. Сондықтан ойын барысында қарсыластар жеңіске жетуге бар күшн салатыны белгілі еді.

Кездесу барысында 11-минутында «Жетісу» сапынан Алан Чочиев есеп ашса, оған қызылордалық клубтан Айбар Жақсылықов 23-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Айта кетсек, бұдан бұрын 13 қыркүйекте «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» 1:0, петропавлдық «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1, шымкенттік «Ордабасы» астаналық «Жеңісті» 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Сондай-ақ 14 қыркүйекте 14 қыркүйекте алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңсе, елордалық «Астана» мен семейлік «Елімай» 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Енді алдағы тур ойындары 27 және 28 қыркүйек күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар