Қызылорда облыстық Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы қызметіне Тоқжанов Дамир Жакенұлы тағайындалды.

Дамир Тоқжанов 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Математика» және «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Лисаков қаласы әкімі аппаратының маманы болып бастап, әр жылдары ішкі саясат саласында түрлі лауазымда жұмыс істеген. 2011-2018 жылдары Лисаков, Рудный қалалары әкімдіктері ішкі саясат бөлімінің бас маманы болған. 2018-2020 жылдары Лисаков қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясының, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
2020 жылдың ақпан айынан Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды.