ҚР БҒМ басшысының депутатқа айтқан сөздерінен қылмыс құрамы табылған жоқ - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу нәтижесі бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке қатысты жазған өтінішінде қылмыс құрамы табылған жоқ.
None
None

Сондықтан, осы іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеп отыр.

«2015 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментіне Бас прокуратурадан Парламент Мәжілісінің депутаты А. Перуашевтің ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтің жеке меншік жоғары оқу орындарының мүддесін қорғау туралы айтқан сөзіне қатысты жазбаша өтініші келіп түсті. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 376-бабының 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау) сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу барысында істің жағдайын тексеруге қажетті тергеу амалдары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілді.

Тергеу нәтижелері бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды»,-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Парламентте өткен отырыстардың бірінде депутат Азат Перуашев пен Білім министрі Аслан Сәрінжіпов бір-бірін «түсінісе алмай», соңында депутат министрдің үстінен құзырлы органдарға арыз түсірген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум