ҚР БҒМ вице-министрі Т.Балықбаев IOI-2015 қатысушыларын сайыстың сəтті аяқталуымен құттықтады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ вице-министрі Тахир Балықбаев Алматыда өтіп жатқан IOI-2015 олимпиадасының қатысушыларын сайыстың сəтті аяқталуымен құттықтады.
None
None

Айта кетейік, қазір Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында дүбірлі доданың жабылу салтанаты өтіп жатыр.

"Құрметті достар, Сіздер өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен атқардыңыздар. Қазақстандағы олимпиада ең рекордтық көрсеткіш - əлемнің 83 елін бір алаңға жинады. Бұл олимпиада тарихында болмаған жағдай. Олимпиаданың жылдан жылға деңгейі артып, жетілдіріліп келеді. Информатика - əлем экономикасында ең дамыған сала екендігі рас. Мұнда жиналған жастардың арасында болашақ Цукербергтер, Бил Гейтстер, Стив Джобстар бар екендігіне күмəнім жоқ. Олар сөз жоқ, жаңа экономика, жаңа əлемнің негізін қалаушылар",- деді ол.

Т.Балықбаев Қазақстанның білім саласының дамуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосып отырған үлесі ұшан-теңіз екендігін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылы Қазақстан алдында 30 дамыған елдің қатарына ену міндетін қойған. Бұл - өте маңызды міндет. Осы міндетке жету үшін информатика саласының маңызы зор. Мемлекет білім мен ғылым саласына басты басымдық беріп отыр. Осындай əлемдік деңгейдегі жарыстар біздің болашақ жастардың өсуіне мүмкіндік береді деп сенеміз",- деп қорытындылады вице-министр.

Отандық құраманың еншісінде 4 медаль бар екендігін атап өту керек. Бекжан Бекболатұлы мен Мейрамбек Өмірзақ, Найзабек Алтыбай (415 және 414, 402 балл) күміс медальді еншілесе, Данияр Маминов 323 баллмен қола медальге қол жеткізді. Сайыстың абсолютті чемпионы Оңтүстік Кореядан келген Джи Хак Юн болды. Одан кейін ресейлік Михаил Ипатов - 561 балл, АҚШ-тан келген Эндрю Хе 555 баллмен үшінші орынға тұрақтады.

Келесі олимпиада Ресейдің Қазан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар