ҚР Білім және ғылым министрлігі жемқорлықпен күрес бағытында шаралар топтамасын әзірлеуде

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі жемқорлықпен күрес бағытында шаралар топтамасын даярлауда және ол алдағы жылдың басында таныстырылады. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев осылай айтты.
None
None

«Жемқорлықпен күрес - бұл бөлек үлкен шаралар болады. Оны министрлік қазіргі кезде даярлап жатыр. Меніңше, қаңтардағы алқа мәжілісінде бұл шаралар тыңғылықты талқыланатын болады. Жемқорлықпен күрес маңызды басымдықтардың бірі болмақ. Атап айтқанда, жемқорлықтың жоғары деңгейімен сапалы білімді қамтамасыз ету мүмкін емес», - деді Е. Орынбаев.

Осы орайда ол білім саласындағы жемқорлыққа қарсы саясат дәйекті болмақ деп атап өтті.

«Кейбір жоғары оқу орындарында ректорлар өздерінің қалталарын мемлекеттікпен шатастыруда, сондай-ақ оның жанында бірнеше жеке ЖОО-лар күнелтуде. Ал ректор қызметтен кеткеннен кейін, аталған жекеменшік жоғары оқу орындары мемлекетттік ЖОО-ға қарағанда іріленіп кетеді. Менің ойымша, бұл - өте дұрыс емес тәжірибе. Біз мұндайға жол бермес үшін тыңғылықты бақылайтын боламыз»,-деді вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар