21:10, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
ҚР делегациясы Парижде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелерін талқыға салды
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Парижде халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қазақстан-француз саяси кеңестері болып өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов бастаған еліміздің делегациясы ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелерін талқыға салды. Сонымен қоса, кеңестер аясында Жалпыға ортақ ядросыз әлем Декларациясын қабылдау мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары аясындағы ахуал, Қазақстанның экспорттық бақылаудың халықаралық тәртіптеріне кіруі (ракета технологияларын бақылау тәртібі, Австралиялық топ, Вассенаарлық келісімдер), химиялық және биологиялық қару-жарақ туралы конвенцияларды жүзеге асыру мәселелері талқыға салынды.