ҚР Елтаңбасын қоқыс таситын көлікке жабыстырып алған жүргізушіге 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін - Ақтөбе

АҚТӨБЕ: 11 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер Мемлекеттік рәміздерді қолдану ережесін бұзған қоқыс таситын көліктің жүргізішісін ұстады. Ол ҚР Елтаңбасын көліктің артқы бөлігіне жабыстырып алған.
None
None

Елтаңба жабыстырып алған қоқыс таситын көлікті Ақтөбенің тұрғыны Арман Бәйменов суретке түсіріп алып, жергілікті газеттердің біріне жіберген. 

Полиция қызметкерлері жүргізушіні көп ұзамай ұстады. Елтаңбаны қоқыс таситын көлікке не үшін жабыстырып алғаны белгісіз болып отыр.

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам қоқысты сыртқа шығарумен айналысатын ұйымда жүргізуші болып жұмыс істейді. Оның бұл әрекеті ҚР Әкімшілік кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесін бұзу» 354-1 бабында қарастырылған. Жүргізушіге ескерту жасалады немесе 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар