ҚР ІІМ балалар автоорындықтарына қаржы үнемдемеуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балаларды ұстап тұратын автоқұрылғылар нәрестелер арасындағы өлім-жітімді 71 пайызға, одан жасы үлкендеу балалардың арасында 64 пайызға кемітеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.
None
None

«Қазақстан БҰҰ-ның «Жол жүрісі туралы» халықаралық конвенциясын ратификациялады. Егер республика халықаралық актілерге қосылатын болса, ол нормалар басым болып табылады. Біз өзіміздің ұлттық заңнамамызды имплементациялаудан өткізуге міндеттіміз. Яғни ішкі заңдарды халықаралық нормалармен сәйкестендіруіміз шарт. Сол конвенция бойынша және оны жүзеге асыру аясында, жол-көлік апаты кезінде балалар үшін көліктегі қауіпсіздік белбеулері тиімсіз болғандығын ескере отырып, көлікте отырған балаларға арнайы ұстап тұратын құрылғылар жөнінде бірыңғай ережелер жасақталды. Бұл конвенцияны ұстануды қадағалайтын, оның ішінде балаларға арналған ұстап тұратын құрылғыларды пайдаланудың негізгі нормаларын бақылайтын БҰҰ мен Еуропалық одақтың арнайы комиссиялары да бар. Бұл ереже 1995 жылы 16 қазанда қабылданған. Осы пункт туралы сөз қозғағанда барлығы бірден балалардың автоорындықтары туралы айтады. Орындық тек көп құрылғылардың біреуі ғана. Конвенцияда, заңда, ережелерде, барлық жерлерде «балаларды ұстап тұратын құрылғылар» деп жазылған», - дейді ол.

Конвенция ережелері әлемнің 80 елінде жұмыс істейді. Еуроодақтың барлық дамыған елдері, Ұлыбритания, Швейцария бұрыннан пайдаланады, сондай-ақ іргеміздегі Ресейдің өзі бұл нормаларды 4 жыл бұрын енгізіп қойған. Беларусь пен Украина, яғни барлығы болмаса да, көбі осы конвенцияны ратификациялады.

Оның айтуынша, бұл норма барлық қоғам мүшелерімен жыл бойы талқылаудан өткен, ешкімнің де оған қатысты дауы болмаған, қайта апат кезінде балалардың өлімін азайтуға септігін тигізетін ереже ретінде қолдау білдірген.

«Жолда жүру» заңы бойынша «жүргізушіге балаларға арналған ұстап тұру құрылғылары немесе балаларды қауіпсіздік белбеуін тағуға мүмкіндік беретін құрылғылары болмаған жағдайда 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға рұқсат етілмейді». Неге екені белгісіз БАҚ беттерінде тек балалар орындықтары туралы ғана сөз болады. Өзге де құрылғылар туралы айтылмайды, ал олар өте көп. Мәселен, қауіпсіздік белдігіне тағылатын құрылғы белдіктің үстіңгі және астыңғы бөліктерін қосады, осылайша оның бұрышын өзгертеді. Ондай құрылғы тағылмаса, белдік баланың бұғанасын сындырып жібереді немесе мойынын қысып қалады. Ресейде қауіпсіздік белдігіне тағылатын мұндай құрылғының құны 300 рубль турады. Бізде шамамен 1 мың теңгенің айналасында болуы мүмкін. Бустерлер бар, баланың астына жастық қойылады да, ол биіктеу отырады», - деді комитет басшысы.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, мұндай құрылғылар нәрестелер арасындағы өлім-жітімді 71 пайызға төмендетеді. Ал одан жасы үлкендеу балалардың арасында 64 пайызға кемітеді», - дейді ол.

Сонымен қатар оның атап көрсеткеніндей, ересек адамдардың баланы алдына алып отыруы әлем бойынша қауіпті болып есептелінеді.

«Тағы бір айтатын мәселе. Көлікте балаларды орындыққа бекіту қажеттілігінің себептері мынада: 50 км/ сағ жылдамдықпен кілт тоқтау кезінде баланың салмағы 30 пайызға өседі. Яғни 10 келі тартатын баланың салмағы 300 келі болып кетеді. Кім ұстай алады?», - деп атап өтті ол.

Өткен жылы Қазақстанда жол-көлік апаттарынан 89 бала қаза тапқан және 1704-і жарақаттар алды. 2015 жылдың 7 күнінде 6 бала көз жұмып, 17-сі жараланған.«Мысалы, 1 қаңтар күні Алматы облысында екі көлік бетпе-бет келіп соқтығысқан. 1 бала жан тәсілім етті. Екеуі жарақаттар алды. Сол күні көлік аударылады. Тағы бір бала қайтыс болды. Міне нақты фактілер. Ал біз қазір қаржылық сұрақтарға мән беріп отырмыз», - деді И.Лепеха.

Соңғы жаңалықтар