22:26, 23 Маусым 2016 | GMT +5
ҚР ІІМ басшысы жас офицерлерге погондарын табыстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция күні Астанадағы «Алатау» спорт кешені алдында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған Ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскер әскери қызметшілеріне арналған Монументке гүл шоқтары қойылды.

Сонымен қатар, салтанатты шарада ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР ІІМ-нің оқу орындарының түлектеріне лейтенант погондарын табыстады.
Шара концерттік бағдарламаға ұласты.
«Құрметті әріптестер, Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймын! Бүгін Үкімет басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының спикерлері, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және өзге де құрылымдар кәсіби мерекемізбен құттықтады», - деді Қ.Қасымов.
«Биыл күрделі жыл болды. Қылмыстық атқару жүйесіндегі оң өзгерістерді де атап өткім келеді. Табиғаттың тосын құбылысына қарамастан, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жұмыстары бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылғанын да айта кету керек», - деді министр.