ҚР ІІМ басшысының орынбасары ШҚО Қара Ертіс өзенінің жағдайын әуеден бақылайды (ФОТО)

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д. Гариков, ШҚО ТЖД басшысы Р.Нұрбатшанов және ҚР ІІМ ТЖК және облыстық мүдделі қызметтердің жауапты қызметкерлерімен бірге ұшу барысында Юрий Ильин арнайы гидробекеттер су деңгейін бақылап отыратын Қара Ертіс өзенінің жағдайын байқайды.
Ю. Ильиннің төрағалығымен өткен жиында ол нақты тапсырмалар берілді.
«Басты міндетіміз - адамдардың өмірін орғау және сақтап қалу, 23-24 маусымда Ертіс өзенінде болған жағдайда азаматтық қорғаныс қызметі жұмысын тиісті деңгейде атқарды», - деді Ю. Ильин.
Жұмыс сапары барысында Юрий Ильин облыстық ТЖД-ның техникасының дайындығымен танысты.
ТЖД спорт манежінде Ю. Ильин Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы жас құтқарушылар мектебінің шәкірттерімен әңгімелесті.
Юрий Ильин ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кәсіби дайындық мектебінде болды, ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасымен кездесті.
ҚР ІІМ ТЖК «Қазселқорғау» ММ облыстық филиалында министр орынбасары қызметтің дайындығын және Қазселқорғау өкілеттілігіндегі орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды болжау және оның алдын алу бойынша жұмыстар нәтижесін бағалады.
Сонымен қатар Ю.Ильин ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасының орталығында» болды.
Жұмыс сапарының алғашқы күнінде Өскемен қаласының №2 өрт сөндіру бөліміне барды.