ҚР ІІМ лаңкестер сауықтыру лагеріне шабуыл жасады деген ақпаратты растамады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Ақтөбеде террористер сауықтыру лагерінің күзетшілеріне оқ атты деген ақпаратты жоққа шығарды.
None
None

«Ақтөбе облысында сауықтыру лагерінің күзетіне қарулы шабуыл жасалды деген ақпаратты тексердік. Ақпарат расталған жоқ. Террористерді ұстау кезінде жараланған адамдадың саны бұрынғыдай төрт адам. Еліміздің ішкі істер министрлігінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Ақтөбе қаласындағы, жалпы елімізде жағдай қазір тұрақты және бақылауға алынған», - деді телефон арқылы ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап берген ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
Еске сала кетейік, бүгін Президенттің қабылдауында болған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов бүгін таңертең Ақтөбеде лаңкестер балалар лагерінің күзетіне оқ атты деп хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар