17:58, 31 Тамыз 2010 | GMT +5
ҚР Конституциясының 15 жылдығы аясында Ақтөбеде аспаздық өнер фестивалі болып өтті
АҚТӨБЕ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - ҚР Конституциясы Күнін атап өту аясында Ақтөбеде қаладағы қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен кондитерлік цехтарда, гипер және әмбебап сауда орталықтарында жұмыс істейтін аспаздар, кондитерлер мен даяшылар арасында аспаздық өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Іс-шара «Дастан» ЖШС қонақ-үй-мейрамхана кешенінің базасында, осы кешеннің Ақтөбе қаласындағы кәсіпкерлік бөлімінің Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсіп одағының көмегімен ұйымдастырылып отыр.
Фестивальдің негізгі мақсаты - мейрамханаларда, барлар мен дәмханаларда көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, жергілікті тамақтану индустриясы үшін кәсіби мамандар дайындау тәжірибесін жетілдіру және осы конкурсанттардың үстіміздегі жылы, қазан айының 12-14 күндері Алматыда өтетін «Алтын дастарқан - 2010» атты VII Халықаралық аспаздық өнер фестиваліне қатысу мүмкіндігіне ие болуға көмектесу.