ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Серік Әшіров ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

председатель Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Республики Казахстан
Фото: Үкімет

Серік Әшіров 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Академиясының заң институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.

2009–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы вице-консулы, бірінші хатшысы.

2013–2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бірінші хатшысы.

2014–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2016–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 Комиссары хатшылығының кеңесшісі.

2017–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің халықаралық іс-шараларын қамтамасыз ету басқармасының кеңесшісі, басшысы.

2022 жылы — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас инспекторы.

2022–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Протоколының бастығы.

2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар