ҚР Президенті елдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызын атап өтті

Көлік-логистикалық кешенінің жалпы ауданы 12 400 шаршы метр қойма бөлмелері бар, олар өрт сөндіру, бейнебақылау, дабыл жүйелерімен жарақтанған. Тауар ағындарын өңдеу заманауи қойма жабдықтары қолданылып жүзеге асырылады, барлық тауарлардың жылжуы арнайы ұялы терминалдарда нақты уақытпен бейнеленеді. Ондаған компаниялар, соның ішінде танымал кәсіпорындар да әртүрлі тауарларын осы жерде сақтайды.
«Accent Logistics» ЖШС құрылтайшысы Самат Өрмағамбетов Мемлекет басшысына көлік-логистикалық орталықтың мүмкіндіктері туралы баяндады, ол орталықтың республиканың транзиттік әлеуетін елеулі арттыратынын атап өтті. Орталықтың қуаттылығы 17 мың орыннан асады, оның аумағы 4,7 гектар, қойма ауданының көлемі 12 4000 шаршы метрді құрайды.
Өз кезегінде, ҚР Президенті елдің көлік инфрақұрылымын дамытудың маңызы туралы айтты, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты оны өрістетуге бағытталатынын атап көрсетті.