ҚР Президенті: Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді. Бұл жайында Ақорда жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.
None
None

«Үкімет Қазақстанның ұлттық брендін ілгерілету бойынша іс-қимылдар жоспарын бекітеді. Қазақстандық музейлерді және мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп жазады ҚР Президенті.

Елбасы өз мақаласында дербес Іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттің ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимылын нығайту үлкен маңызға ие екендігіне, бірегей Ұлттық мерекелер күнтізбесін құру бойынша жұмыс жоспары да өзектілігіне баса назар аударған.

«Қазақстандық БАҚ-тарды жаңғырту, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету, бірқатар мәдени-білім беру және ақпараттық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары жүзеге асырылатын болады. Қазақстандық біртектілік - мемлекеттің, қоғамның, жекелей алғанда, әрбір азаматтың табысының біртектілігі екенін ерекше атап көрсеткім келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар