ҚР Президенті ядролық қауіпсіздік саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ГААГА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы ядролық қауіпсіздік саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
None
None

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөздер барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бағдарламалары ауқымында еліміз қызметінің басты бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ тараптар саммит жұмысының аралық нәтижелерін, Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуының қырларын қозғады.

МАГАТЭ бас директоры Юкио Аманомен кездесуде ядролық қауіпсіздік жаһандық саммитінің күн тәртібіне енгізілген мәселелердің қорытындылары қозғалды.

Әңгіме барысында Қазақстанның МАГАТЭ қызметі ауқымындағы бастамаларына қатысты пікір алысу болды.

Сондай-ақ біздің еліміздің ядролық қауіпсіздік және ядролық қаруларды таратпау принциптерін ілгері жылжыту үдерісіне қатысуы мәселелері талқыланды.

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесу кезінде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелерін қозғады.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты қоса алғанда. екіжақты қатынастарды дамытудың негізгі бағыттарына қатысты пікір алысылды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарады.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйін және халықаралық күн тәртібінің өзекті қырларын талқылады.

Соңғы жаңалықтар