00:37, 21 Шілде 2022 | GMT +5
ҚР Президентінің Қырғызстанға жұмыс сапарының бірінші күнінен видео жарияланды
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) жұмыс сапарының бірінші күнінен видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ 1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 21 шілдеде өтетін IV Консультативтік кездесуіне қатысу үшін 20 шілде күні Шолпан-Ата қаласына (Қырғызстан) барды.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Шолпан-Атада бейресми кездесу өткізді.
Кейін мемлекеттер басшылары «Дордой Номад» мәдени орталығына барып, арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады.