Краннан аққан лай су Ақтөбе тұрғындарының зәресін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе тұрғыны жан түршігерлік су туралы видео жариялады. Ролик авторының айтуынша, краннан ыстық судың орнына «ыстық қара шай» аққан.
None
None

«Үш аптадан бері краннан «ыстық қара шай» ағып жатыр. Батыс-2 шағынауданы, 16-үй. Мынау бүгінгі түсірілім. Құзырлы органдар жөнді жауап қайтармады», - делінген zello.aktobe тобында жарияланған видеоролик сипаттамасында.

Пікір қалдырушылардың бірі судың орнына мұнай немесе шоколад ағып жатыр деп қалжыңдаса, енді бірі қаланың сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін алаңдаулы. «Бізде дәл сол жағдай, 14 б, ТШК қазандықты тазаламағаннан болуы мүмкін», - деп жазды тұрғындар. Ал кейбірі су құбырының қалыпты жағдайда екенін, алайда мұндайды жолықтырмағанын айтуда. 

Горячий чай из крана течет уже три недели. Мкр Батыс 2. Это сегодня. 16дом. Компетентные органы адекватных ответов не дают. Прошу выложить в инстаграмме.

A video posted by ZELLO AKTOBE - Official Page (@zello.aktobe) on Nov 5, 2016 at 11:47pm PDT

Соңғы жаңалықтар