Красный яр ауылында өткен жылы әлеуметтік үйлестіру мақсатына 2,5 миллион теңге жұмсалды

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласы аумағына жататын Красный яр ауылында өткен жылы тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатына бюджеттен екі жарым миллион теңге қаржы жаратылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгін ауыл тұрғындары алдында есеп берген селолық округ әкімі Абай Қабдыралиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысын сараптай келе, әлі де шешімін күткен түйткілдерді тілге тиек етті. Ауылда 2754 адам қоныстанған. Орталық жылу жүйесіне қосылған 61 жеке үй мен 9 көпқабатты үйлерді жылыту міндеті бес қазандыққа жүктелсе, оның қалыпты жұмысы қамтамасыз етіліп отыр. Жылдар бойы су тапшылығын сезініп отырған ауылдың бұл қажеті де өтелген. Әкімдікке қарасты Красный яр, Қызыл жұлдыз ауылдарында жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік үйлестіру, коммуналдық қажеттіліктерін орындау бағытынды ауқымды шаралар іске асырылған. Ағымдағы жылы ауыз су және кәріздік жүйелерін ретке келтіруге 12 миллион теңге, қалдық заттар полигон құрылысына 59 миллион теңге қарастырылған. 2009-2011 жылдарға айқындалған «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында қандастарымызға арналып коттедж үлгідегі 300 үй салу жоспарланып отыр. Басқосуда жұртшылықты шағын және орта бизнесті өркендетуге қолдау қажеттілігі, тұрғын үй құрылысы, ауыл көшелерін жарықтандыру мен жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, шаруа қожалықтарының жұмысы, жер телімдерін тиімді пайдалану, автобус қатынасы алаң туғызатыны атап көрсетілді.Есепті жиында сөйлеген қала әкімі Бақыт Сапаров облыс орталығының өткен жылғы табысын сараптай келе, ондағы красныйярлықтардың үлесіне тоқталды. Жиында атап көрсетілген олқылықтарды ретке келтіру қала әкімдігінің алдағы жұмыс жоспарларында қаралатынын атап көрсетті. Қала әкімдігінің тиісті құрылым басшылары жиналысқа қатысқандардың сан алуан сауалдарына нақтылы жауап қайтарды.Осындай есепті жиналыстар облыс аудандарындағы 23 селолық округте де өтіп, онда округ әкімдері есебі тыңдалып, алдағы жылда шешімін күткен мәселелер сарапталды.
Соңғы жаңалықтар