Криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салған ақтөбелік 18 млн теңгесінен айырылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Заңгер бір жарым жыл бойы ақша аударып отырған. Полицияға арыз жазғаннан соң екі күдікті ұсталды.

Полиция Астанадағы «қару арсеналы» туралы қауесетті жоққа шығарды
Фото: ҚР ІІМ

Ақтөбеде криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салып, мол табысқа кенелмек болған 46 жастағы заңгер алданып қалды. Ол өзі танымайтын екі адаммен байланысқа шығып, бір жарым жыл бойы ақша аударып отырған. Сөйтіп шығыны 18 млн теңгеге жеткенде ғана полициядан көмек сұрады. 

- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктінің кім екенін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің инвестициялық қызметке ешқандай қатысы болмаған. Ал жәбірленушіден алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр,- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2 жылда елде криптовалютаның айналымына байланысты мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Оның 60% — алаяқтық фактілері, 25% — криптовалюта айырбастау пункттерінің заңсыз қызметі, ал 15% — цифрлық активтер арқылы қылмыстық табысты заңдастыру жағдайлары.