04:24, 15 Қазан 2017 | GMT +5
Криштиану Роналду бос қақпаға екі метр жерден доп сала алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатының сегізінші турында қателікке бой алдырды.

Ол «Хетафе» командасымен болған матчта екі метр қашықтықтан бос қақпаға доп сала алмады. Бұл ойынның видеосы YouTube-тегі 90 Minutes арнасында пайда болды.
Қапталдан суырылып шыққан шабуылшы Карим Бензема айып алаңына келген бойда өзі соқпай допты бос қақпаның бұрышына жақындап қалған португальдыққа берген еді, бірақ ол мүлт кетті. Дегенмен «Реал» бұл ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қатесін түзеткен Роналду жеңіс добын соқты.