«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы үш басшысы қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы үш басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қамауға алынды. Мұны Kazinform тілшісіне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы үш басшысы қамауға алынды
Фото: ҚТЖ

Ведомствоның мәліметінше, биыл 9ө10 қарашада серіктестіктің бұрынғы бас директоры В. В. Петров, оның орынбасары К. М. Кабылов және атқарушы директор — сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры А. К. Сембай ұсталған.

— Олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бар. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген ҰҚК жауабында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сол кездегі басқарма төрағалары Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлаған едік.