Қуандық Бишімбаев түрмеде әлі жұмыссыз отыр

АСТАНА. KAZINFORM – 24 жылға қамалған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі  жұмыс табылмаған. Бұл туралы KursivMedia хабарлайды.

бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетовтің мәлімдеуінше, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан мекемеде қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

– Мекемеде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бизнес аймақ жұмысшылармен толық қамтылған. Ол жерде қосымша цехтар ашылуы керек, сол кезде жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сол кезде мекемедегі барлық сотталғанды жұмыспен қамтимыз. Қазір сотталғандардың 60%-ы жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сотталғандарды таңдап жұмысқа орналастырмаймыз, – дейді Жәнібек Баймағанбетов.

Еске салсақ, экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтің жазаны өтеу мекемесінде жұмысқа тұрмағаны туралы былтыр күзде хабарлаған едік. 

Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Соңғы жаңалықтар