Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді

Қуандық Бишімбаев
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша соталды тыңдау күні белгілі болды.

«2024 жылғы 11 наурызда алғашқы тыңдалым өтеді», - деді елорда сотының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Кейін Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Өткен жылы 15 қарашада өткен кеңесте Президент Қ.Тоқаев Ішкі істер министріне Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетсек, биыл 11 қаңтарда елорда соты Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімін 2 айға ұзартқан еді.

26 ақпанда Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті.

 

Соңғы жаңалықтар