Кубада 6,8 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту болған жоқ, деп жазады Анадолы.

жер сілкінісі
Фото: pexels.com

Кубаның оңтүстігінде 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің эпицентрі жағалаудан оңтүстікке қарай 39 шақырым жерде Бартолом-Масо аймағында болғанын хабарлады.

23,5 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,8 болды.

Жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жасалмаған, адам шығыны мен материалдық шығын туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандығы туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар