Құбыр тесіліп, мұнай төгілген: Қызылордада табиғатты ластағандар жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада жер қойнауын пайдаланушылардың табиғатты ластауы тыйылмай тұр. Өзекті мәселе «Amanat» партиясы облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес отырысында көтерілді.

«Дружба» құбырындағы ақау: қазақстандық мұнайды басқа желі арқылы тасымалдап жатыр
Фото: Александр Саверкин/ ТАСС, архив

Жиында облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Алмас Ысқақов баяндама жасады. Басқарма өкілінің сөзіне сүйенсек, өңірде мұнай саласына маманданған 13 кәсіпорын бар. Мамандар биыл 5 айда олардың қызметіне 3 рет профилактикалық бақылау жүргізген.

— Нәтижесінде 12 заңбұзушылық анықталып, тиісті нұсқамалар берілді. Атап айтқанда, Торғай Петролеум, Қуатамлонмұнай, Қор компанияларына тиесілі мұнай құбыры тесіліп, мұнай өнімі төгілген. Бұл апаттық жағдайға әкеп соғып, жер бедері ластанған. Департамент табиғатты бүлдірген субъектілерге қатысты тиісті шаралар қабылдап, ластанған жер толығымен қайта қалпына келтірілді, — деді Алмас Ысқақов.

Аталған кәсіпорындардың 2-і — Торғай Петролеум мен Қуатамлонмұнай өткен жылы да осылай табиғатқа зиян келтірген. Былтыр департамент 8 профилактикалық бақылау, жоспардан тыс 5 тексеру жүргізіп, 19 заңбұзушылықты анықтаған.

Ал жуырда QazaqGazAimaq АҚ Қызылорда өндірістік филиалына табиғи монополиялар туралы заңнама талабын бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.

Соңғы жаңалықтар