Құбырдағы ақауға байланысты «Богатырь-Көмір» кәсіпорнына су беру уақытша тоқтатылды

«ПАВЛОДАР. KAZINFORM – « Екібастұз қалалық су арнасынан» шығатын су құбыры жолай «Богатыр-Көмір» АҚ-ның өндірістік нысандарын басып өтеді. Қазір ақауға байланысты кенішке су беру кідіріп тұр.

құбыр
Фото: Pixabay

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құбырдағы ақауды жөндеу жұмыстарына байланысты «Богатырь-Көмір» АҚ-ны сумен жабдықтау жүйесіндегі қысым да төмендеп кетті. Қазір кәсіпорынға су беру уақытша тоқтатылды. Бұл ретте көмір өндірісі тоқтаған жоқ, өйткені, оған судың қажеті жоқ. Шаруашылық қажеттіліктер үшін суды жеткізу ұйымдастырылуда», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аталмыш желілер 1996 жылы салынған және бүгінгі таңда айтарлықтай тозығы жеткен. Су құбырын 2024 жылы реконструкциялау жоспарланған. Қазіргі кезде конкурс өткізіліп, Алматыинжстрой» ЖШС мердігер ұйым ретінде таңдалған. Жұмыстарды көктем-жаз кезеңінде бастау ұйғарылып отыр.

Еске сала кетейік, Екібастұздан Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін үлкен құбыр жарылды.

Майқайың кентінің тұрғындары күніне 1 мың текше метр ауызсу тұтынып келген. Қазір қысымның төмендеуіне байланысты «Майқайыңалтын» АҚ су таситын машиналарды жұмылдырды.

Соңғы жаңалықтар