Күдіктіні ұстау операциясында атыс қаруы қолданылған жоқ – Алматы полициясы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық атқышты ұстау барысында өлім-жітімге әкелетін қару қолданылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй кешенінің күдікті өз пәтеріне жасырынған қанатындағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді және оқиға орны оқшауланды. 30 мәрте оқ атылғаннан кейін күдіктіні полиция департаментінің арнаулы бөлімше қызметкерлерінің көмегімен ұстау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлері жүргізген арнаулы операция барысында өлім-жітімге әкелетін қару қолданылған жоқ. Жауапкершіліктен қорыққан күдікті оқ атқан қаруымен бірге пәтер терезесінен секіріп мерт болды. Қазіргі уақытта полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деді оқиға орнында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Рүстем Әбдірахмановтың атап өтуінше, келіссөз процесі 6 сағаттан астам уақытқа созылған.

Қазіргі уақытта оның мұндай қадамға не үшін барғаны анықталып жатыр.

Сонымен қатар бұл факті Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне «бұзақылық» бабы бойынша тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы аңшылық мылтықтан жараланған.

Ол ауруханада жатыр.

Полиция тұрғын үйдегі пәтерге тығылған атқышпен келіссөз жүргізген.

Қарулы адам келіссөзден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Кейіннен күдікті терезеден секіріп кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.



Соңғы жаңалықтар