Күдіктіні ұстау мақсатында Қостанай облысында блок-бекеттер қойылды

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысының автожолдарына блок-бекеттер қойылды. Полиция қызметкерлері ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінген ер адамды іздеу аясында көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр.

Қостанай облысында блок-бекеттер қойылды
Фото: abai.kz

Әлеуметтік желілерде Қостанай–Рудный трассасында полиция қызметкерлері көліктер мен автобустарды тоқтатып, тінтіп жатқандығы туралы ақпарат тарады.

Облыстық ПД бұл фактіні растады, күдікті адамды іздеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Қостанай қаласында қасақана ауыр дене жарақатын келтіру қылмысы жасалды. Күдіктінің кім екені анықталды. Оны жауапкершілікке тарту үшін іздестіру және ұстау шаралары қолға алынды, — деді полицияда.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шегуші — іс-шара кезінде туған жанжал барысында пышақ жарақатын алған полиция қызметкері болып шықты.

Еске салсақ, Алматыда полиция қызметкерін әдейі соққан мопед жүргізушісі жазаланды.

Ал биылғы жылдың қысында Алматыда полиция қызметкері пышақ жарақатынан көз жұмған еді. 

Бұдан бөлек, қызмет кезінде қаза тапқан полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар